Қоғам • 15 Желтоқсан, 2023

Яндекс Таксиге қатысты тергеу аяқталды: Қазақстан билігі қандай талап қойды?

195 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс Таксиге қатысты тергеуді аяқтады.  Тергеу қорытындысы бойынша компания бақылау-кассалық машиналардың бағдарламалық қамтамасыз етуін техникалық қолдау қызметтерін жүктеуде көрсетілген таксопарктердің экономикалық қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Яндекс Таксиге қатысты тергеу аяқталды: Қазақстан билігі қандай талап қойды?

Фото: gov.kz

Яндекс Такси монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компания Қазақстанның цифрлық экожүйесін қолдау қорына өз еркімен 3 млрд теңге аударды.

Сондай-ақ Агенттік пен Яндекс Такси монополияға қарсы комплаенс жасады. Сол негізде мынадай шаралар кешенін іске асыру көзделген:

- біріншіден, жүргізушілер үшін еңбекақыны арттыру шартының бірі ретінде, егер тапсырыс жол жүру ақысының базалық құнынан екі есе асатын болса, осы  жылдың 14 желтоқсанынан бастап, Яндекс комиссиясын өндіріп алуды тоқтататын болды; (экономикалық әсері жылына шамамен 2 млрд теңгеге);

- жүргізушілер үшін қосымша бонустық бағдарлама енгізу (2024 жылы сала айналымы мен инфляцияның өсуіне байланысты 7-10 млрд теңге);

- тарифті қалыптастырудың ашықтығын арттыру мақсатында тарифті не үшін көтергені  және қандай өзгеріс болғаны туралы негіздеме келтіре отыра, пайдаланушы қосымшасын жақсарту.

- екіншіден, жолаушылар үшін жаңартылған «Бірге» тарифі енгізіледі, ол тіпті ең жоғары сұраныс болып тұрғанның өзінде, төмен бағамен таксиге тапсырыс беруге мүмкіндік береді (тарифті х2-ге дейін көтеруге шектеулер);

1

- агрегатор такси қызметтеріне ең жоғары сұраныс жағдайында, мысалы, ауа райының қолайсыздығында немесе мереке күндері х3-тен жоғары тарифті көтеруге шектеулер енгізеді, тоқсанына аталған деңгейден жоғары сапарлардың саны 5% - дан аспайтын болады;  

баламен жүретін жолаушылар үшін «балалар» тарифі енгізіледі, ол балалар креслолары немесе бустері бар автокөлікті шақыруға мүмкіндік береді.

Такси жүргізушілерімен тиімді қарым-қатынас жасау және клиенттермен байланысты қолдау үшін Call-орталықта «кәдімгі» оператор жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар жолаушылар мен жүргізушілердің мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін келесі жүйелі шаралар қабылданды:

- Агенттік заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасады, оларды енгізу жүргізушілерге Яндекс-пен таксопарксіз тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді (таксопарктер комиссиясы 4-8% құрайды);

- Яндекс бағдарламалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ баға белгілеуге әсер ететін факторларды (ауа райы жағдайлары, мереке күндері, сұраныстың артуы, жүргізушілердің болмауы және т.б.) егжей-тегжейлі зерделеу үшін IT саласындағы тәуелсіз аудиторлық компания Агенттікпен, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп алгоритмдік баға белгілеу аудитін жүргізеді.

Яндекс міндеттемелерінің монополияға қарсы комплаенс шеңберінде орындалуы Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топтың бақылауында болады. Оның құрамына кәсіби қоғамдастықтардың сарапшылары (бастамашыл топтардың, көлік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, әділет, цифрлық даму және инновациялар министрліктерінің, сондай-ақ таксопарктер қауымдастығының өкілдері) кіреді. Бұл туындайтын сын-қатерлерді уақтылы қарауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар болашақта бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталған кезде Агенттік заңнамада белгіленген тиісті шараларды қолданады. Комплаенспен толығырақ мына жерден танысуға болады.