Қоғам • 15 Желтоқсан, 2023

Жалған жарнама жасаған блогерлер мен спортшылар жазаланады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде тағамды асыра сілтеп жарнамалаған спортшылар мен блогерлердің ақпараты тексерілді. Тексеру қорытындысында Алматы облысы прокуратурасы құрамында жарнамада айтылған белсенді қоспалары жоқ, бұрыс айтылған дерегі үшін бірнеше өндіруші компанияны жазаға тартты, деп жазады Egemen.kz.  

Жалған жарнама жасаған блогерлер мен спортшылар жазаланады

Фото: ашық дереккөз

Прокуратураның баспасөз қызметі мысал ретінде, желіде «NEOSAUMAL, SAUMAL» сублиматтау әдісімен құрғатылған бие сүті қант диабетін, онкологиялық және басқа ауруларды емдейтін бірегей өнім ретінде белсенді жарнамаланған өнімнің аталған ауруларды емдейтін қоспасы жоқ екенін анықтады. 

Аталған өнімді ұсынатын компанияға «Көрiнеу жалған жарнама» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 603 750 теңге айыппұл арқалады.

Прокуратура өнімнің құрамын анықтамай, нәтижесіне шынайы көз жеткізбей жарнама жасайтын блогер, әртіс, спортшылар да жазасыз қалмайтынын ескертті.