
«1999 жылы үйде ұлы тенордың концертінің 3 кассетасы болатын. Содан жылдар өткен соң ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызықты «Виртуози» телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете де алмадым. Бұл жас талантты сайыскерлерге нағыз жұлдыз болуға тамаша мүмкіндік. Барлық сайыскерге және қазылар алқасына сәттілік тілейміз. Пласидо Доминго, шақыртуыңыз үшін рахмет», деп жазды Димаш Құдайберген.