Бұл жолы Жапониямен күш сынастық. Алғашқы голды Казума Сасаки соғып, өз командасын алға шығарды. Десек те бірінші кезең аяқталар тұста Егор Смолянинов таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін Кирилл Ляпунов мергендік танытса, 54-минутта Руслан Оспанов кездесудің соңғы нүктесін қойды. Есеп – 3:1. Осылайша, жерлестеріміз қатарынан төртінші ойында жеңіс тойын тойлады. Бұған дейін Сергей Старыгиннің шәкірттері Мажарстан (5:2), Дания (3:2) және Францияны (4:0) ұтқан еді.
Санкт-Петербургте «Бірінші арна кубогі» жолындағы жарыс басталды. Тұсаукесер кездесуін Беларуське қарсы өткізген Қазақстанның ұлттық құрамасы 2:6 есебімен жеңіліс тапты. Біздің ойыншылар арасынан Максим Мусоров пен Әлихан Өмірбеков нысананы дәл көздеді.