«Қазгидромет» РМК 18 желтоқсанда ел аумағында қалың қар жауып, көктайғақ болатынын мәлім қылды.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Шығыстан соғатын жел күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп болжанып отыр.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Ақмола облысында түнде тек батысында, ал күндіз облыстың барлық аумағында бұрқасын жүреді. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысының орталығында жаяу бұрқасын болады деп болжанды. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.