Өнер • 19 Желтоқсан, 2023

«Ыстанбұлға Ақжайықтан сәлем!»

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыс­тық камералық оркестрі Тәуелсіздік күніне орай Түр­кия мемлекетінің Зей­тінбурны ауданының өнер орталығында гастрольдік концерт берді.

«Ыстанбұлға Ақжайықтан сәлем!»

Концерт алдында Қазақ­станның Ыстанбұлдағы бас консулы Нұриддин Аманқұл оркестр директоры Салтанат Мақсот пен оркестрдің көркемдік жетекшісі Асхат Хасановты қабылдады. Ал концертке Зейтінбурны ауданы­ның әкімінің бірінші орынбасары Осман Динч, Қазақстанның Ыстанбұлдағы бас консулы Бек­айдар Сары, доктор Аадем Услу, Доктор Решиде Юк­сель, Зей­тін­бурны қоғам бір­лестігінің бас­тығы Ділман Қая, Түркі музы­ка өнерін зерттеуші, домбырашы Седат Солакоглу, Шы­ғыс Түр­кістан мигранттар ода­ғының төр­ағасы Режеп Акьол және т.б түрік өкілдері мен қан­дастар қатысты.

Концерттік іс-шарада «Каме­ралық оркестрге арналған күй», Абай Құнанбайұлының «Кө­зім­нің қарасы», Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» атты шығармалары оркестрдің орындауында көрер­менге ұсынылды. Сондай-ақ Ба­тыс Қазақстан об­лысының өнер жұл­дыздары шыр­қаған әсем әуен­дер көпшілік кө­ңілінен шықты.

«Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің концерті маған өте ұнады. Менің ұлтым қазақ болғанымен, Түркияда өстім. Екі ел арасындағы ынты­мақ­тастықтың кепілі – ел пре­зиденттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанның деніне зор денсаулық тілейміз! Көк байрағымыз желбірей бер­сін!», дейді доктор Рашида Юк­сель.

Ыстанбұлдағы қазақ диасп­о­расының өкілі Тұран Бахадыр бұл шаһарда 15-20 мыңдай қазақ бар екенін айтып, «Мұндай концерттер жиірек болса екен. Шетте жүрген қазақтар өз мәдениетін көреді. Сол үшін керек қой. Өнер – жан азығы, кеш керемет болды», деген пікірін білдірді.

 

Батыс Қазақстан облысы