Күрес • 20 Желтоқсан, 2023

Дала қырандары жарысы

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен «Дала қырандары» рес­публикалық турнирі өтті.

Дала қырандары жарысы

Жыл бойы ұйымдастырылған түрлі жарыстың қорытындысы бойынша ірік­телініп алынған еліміздің ең үздік 64 апайтөсі елорда төрінде өнер көрсетті. Олар 8 салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салды. Бозкілемде белдескен балуандар арасында солтүстікқазақстандық Еркебұлан Қалымбеков (55 кг) пен Қайырбек Батырхан (74 кг), астаналық Ержан Еренқайыпов (60 кг), жетісулық Әкежан Біләлов (66 кг), қа­ра­ғандылық Заңғар Марат (82 кг), қы­зыл­ордалық Еңбек Сақтағанов (90 кг), шым­кенттік Нұрсұлтан Мұзаппаров (100 кг) және маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповтың (+100 кг) шоқтығы биік болды.

Жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген саңлақтардың барлығы да «Дала қырандары» атағына ие болды. Келесі жылы бұл балуандар халықаралық додаларда ел намысын қорғайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Күн дақтарының құпиясы

Табиғат • Бүгін, 09:13

Халиги аралдары

Әлем • Бүгін, 09:11

Роботтар бір ауданды көшірді

Технология • Бүгін, 09:10

Өнер мерекесі

Өнер • Бүгін, 09:06

«Челси» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 09:04