Футбол • 20 Желтоқсан, 2023

Жеребе жұптады

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның Ньон қаласында фут­болдан Еурокубок жолындағы жа­рыс­тың плей-офф сайыстарының жеребесі тартылды.

Жеребе жұптады

Келесі жылы жалғасатын УЕФА Чем­пиондар лигасының 1/8 финалында мына командалар өзара күш сынасады: Порту – Арсенал, Наполи – Барселона, Пари-Сен-Жермен – Реал Сосьедад, Интер – Ат­летико, ПСВ Эйндховен – Боруссия Дорт­мунд, Лацио – Бавария, Копенгаген – Манчестер Сити және Лейпциг – Реал Мадрид. Алғашқы ойындар 13, 14, 20 және 21 ақпан аралығында өтеді. Қарымта кезде­сулерді 5, 6, 13 наурызда тамашалаймыз.

Ал Еуропа лигасының дәл сол межесінде мына клубтардың жолдары қиысты: Фейеноорд – Рома, Милан – Ренн, Ланс – Фрайбург, Янг Бойз – Спортинг, Бенфика – Тулуза, Брага – Карабах, Галатасарай – Спар­та Прага және Шахтер Донецк – Марсель.