Келесі маусымда біздің команданың намысын 10 мемлекеттің өкілдері қорғайды. Олар – Давиде Баллерини, Самуэле Баттистелла, Лоренцо Фортунато, Джанмарко Гарофоли, Микеле Гадзоли, Кристиан Скарони, Симоне Веласко (Италия), Харольд Техада, Сантьяго Умба (Колумбия), Антон Чармиг, Микаэль Мёркёв (Дания), Рюдигер Зелиг, Макс Кантер (Германия), Кейс Бол, Иде Схеллинг (Нидерланд), Марк Кавендиш (Ұлыбритания), Глеб Сырица (Ресей), Харольд Мартин Лопес (Эквадор), Хенок Мулюбырхан (Эритрея), Глеб Брусенский, Игорь Чжан, Евгений Федоров, Евгений Гидич, Дмитрий Груздев, Антон Кузьмин, Алексей Луценко, Даниил Марухин, Вадим Пронский және Николя Винокуров (Қазақстан).
Былтырғы маусымды сәтсіз аяқтаған «Астананың» алдағы маусымдағы басты мақсаты – «Тур де Франс», «Джиро д’Италия», «Испания Вуэльтасы» және басқа да аса ірі халықаралық додаларда барынша нәтижелі өнер көрсетіп, толағай табыстарға қол жеткізу.