Спорт • 20 Желтоқсан, 2023

Жарысқа толы желтоқсан

97 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өткен аптаның соңы мен осы аптаның басында көптеген спорттық іс-шараның куәсі болдық. Кейбір жауапты жарыс­тарда жерлестеріміздің қанжығасы майланса, кейбірінде сәтсіз өнер көр­сеттік.

Жарысқа толы желтоқсан
  • Астанадағы Beeline Arena кешенінде кәсіп­қой бокстан «IBA-ның чемпиондар түні» деп аталатын халықаралық турнир ұйым­дастырылды. Аталған жарыста қазақ­тың жуан жұдырықты жігіттерімен қатар, алыс-жақын шет мемлекеттерден келген бір­қатар танымал былғары қол­ғап шебері күш сынасты. Бұл бәсе­келерде Санжар Тәш­кен­бай (51 кг) өзбекстандық Нодир­жон Мыр­­за­ах­медовтен, Данияр Елеу­сінов (71 кг) Оң­түстік Африка Рес­публикасының өкілі Джа­була­ни Макхенседен, Бекзад Нұр­дәулетов (80 кг) ресейлік Никита Зоньнан басым түссе, Серік Темір­жанов (63,5 кг) сербиялық Па­вел Федоровқа, Дулат Бек­бауов (67 кг) Ресей­дің тағы бір боксшысы Харитон Аграбаға, Ас­ланбек Шымбергенов (71 кг) мексикалық Хосе Мигель Бор­регоға және Ерасыл Жақпеков (80 кг) нидер­ландтық Градус Краусқа есе жі­берді.
  • Ресейдің Екатеринбург қа­­ласында өткен RCC 17 тур­нирінде ауыр салмақта айқа­са­тын қазақтың аралас жекпе-жек шебері Асыл­жан Бақытжанұлы кезінде UFC-де бақ сынаған ресейлік Максим Гришинмен ше­бер­лік байқасты. Бұл бәсеке қандасымыздың ба­сым­дығымен өтті. Қарсыласына қарағанда «Сақ» өте сауатты қимылдап, соқ­қы­сын да кө­бірек дарытты. Бірақ әділдікті белден бас­қан төре­шілер жергілікті спорт­шының қолын көтерді.
  • Шорт-тректен Оңтүстік Ко­рея­­ның астанасы Сеулде шы­мылдығы түрілген әлем кубогі кезеңдік сайысында Денис Ни­киша 500 метрлік қа­шықтықты 41.196 секундта жү­гіріп өтіп, қола медаль иеленді. Ол тек қытайлық Шаоан Лю (41.196) мен оңтүс­тік­кореялық И-Ра Сё­геден (41.205) қалып қойды.
  • Шайбалы хоккейден Қазақ­станның жас­тар құрамасы 2025 жылы өтетін әлем бірін­шілігінің іріктеу турниріндегі соңғы кездесуде Аустриядан буллит соғу барысында ұтылды. Бірақ бұл жағдай жарыс кестесіне айтар­лықтай әсер ете қоймады. Себебі осыған дейін жер­лестеріміз төрт кездесудің бар­лығында жеңіске жетіп, негізгі жарыстың жолдамасына күні бұ­рын иелік еткен еді. Тағы бір айта кетерлік жайт, осы турнирдің қорытындысы бойынша Владимир Никитин ең үздік қақпашы болып танылды. Ол өз қақпасына бағытталған соққылардың 64,44 пайызын кері қайтарып, 119 рет сейв жасады.
  • Аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұйым­дастырылған UFC 296 тур­ни­рінде әлі де жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген жартылай орта салмақтағы Шавқат Рах­монов 40 жастағы сақа спортшы Стивен Томпсонмен төбелесті. Жергілікті файтер біздің жігітке жарытып қарсылық көрсете ал­мады. Бәсекенің басынан тіз­гінді қолына алған Шавқат екінші кезең аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Стивенді қыл­қын­дырып тастады. Бұл – 29 жастағы қазақтың қайсар ұлы­ның октагондағы 18-жеңісі!
  • Бокстан әлем чемпио­наты­ның қола жүл­дегері Тұр­сынбай Құлах­мет кәсіпқой рингтегі өзінің кезекті жекпе-жегін Ұлы­британияның Сан­дерленд қала­сында өткізді. Бұл бәсекеде ор­та салмақтағы Сыр бойы­ның саң­лағы фран­циялық Фуад Эль Массудиді ұпай санымен ұтты.
  • Санкт-Петербургте шайбалы хоккейден «Бірінша арна кубогі» жолындағы жарыс өз мәресіне жетті. Тұсаукесер кездесуде Бе­ла­­русьтен (2:6) ұтылған отандастарымыз келесі матчта ЖХЛ-дың жұл­дыздарынан (3:1) басым түсті. Бірақ соңғы ойында Ресей-25 коман­­­дасына (2:5) есе жіберді. Нә­тиже­сінде, Қазақ­станның хоккей­шілері үшінші орынды еншіледі.