Өндіріс • 20 Желтоқсан, 2023

ERG Қазақстан электролиз зауыты құны 15,6 млрд теңгелік инвестициялық жобаны жүзеге асырды

172 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан электролиз за­уы­­­­­тындағы анод күйдіру пеші күрделі жөндеуден өтіп, қайта іске қосылды. Бұл – өндірісті жаңартып, тех­никалық тұрғыда қайта қару­ландыруды көз­де­ген ин­вестициялық бағ­дар­ла­маның жемісі. Жобаның жалпы құны – 15,6 мил­­­лиард теңге.

ERG Қазақстан электролиз зауыты құны 15,6 млрд теңгелік инвестициялық жобаны жүзеге асырды

Алюминий өндірісі технологиясында алдын ала күй­ді­ріл­ген анодтың мәні айрықша. Анод өндірісіндегі ең ауқымды жабдық – анодты күйдіру пеші. 50 камерадан тұратын жаб­дық­тың ұзындығы – 200, ал ені 30 метрден асады. Пеш жобасын немістің «Riedhammer» ком­па­ния­сының мамандары әзірлеп, өздері орнатып берген. Кейін оны шетелдік мамандардың ба­қы­­лауымен отандық «Строй­монтаж» компаниясының өкіл­де­рі іске қосты.

Күрделі жөндеу жұмыс­та­ры­на даярлық – өте жауапты әрі ұзақ уа­қытты талап ететін күрделі үде­ріс. Ауқымды жұмыстың тия­нақ­ты кестесі жасалып, жөн­деу жұмыстары басталмас бұ­рын қа­жетті жабдықтар, қо­салқы бөл­шектер мен материалдар тү­гел жеткізілген. Анод күй­діру пеші тамыз айында толық тоқта­ты­лып, жөндеу жұмыстары жос­парлы уақыттан 2 апта бұрын аяқталды.

врн

Жаңғырту барысында әлемдік анод өндірісі өнеркәсібіндегі қа­зіргі ең озық жетістіктер еске­ріл­ді. 14 мың тонна жалынға тө­зімді қаптама аршылып, Ни­дер­ланд, Үндістан мен Гер­ма­нияда өндірілген заманауи жоғары са­палы материалдарды қолдана оты­рып, қайта орнатылды. Одан бөлек, шығарынды газдарға ар­нал­ған 4 коллектор алмас­ты­рыл­ған. Соңғы буын­ның жаңа жаб­дықтарының сенім­ділігі жоға­ры әрі олар пеш жұ­мы­сын ай­тар­лықтай жақсарта алады. Күр­де­лі жөндеуден соң, анод күй­діру көлемі жылына 138,4 мың тоннаға жетеді деп жос­пар­лан­ған. Жаңғыртудың екін­ші кезеңі – жалын-жағу жаб­дық­та­рын алмастырған соң, бұл көр­сет­­кіш 153 мың тонна же­теді де­ген үміт бар.

«Бұл инвестициялық жоба тек кәсіпорынның өндіріс көле­мін ұлғайтып қана қоймай, өнер­кә­сіптің энергия тиім­ді­лігін арттыру, қоршаған ортаға эко­ло­гиялық жүктемені төмен­дету сынды бірқатар ке­шенді мін­дет­терді шешуге бағыт­тал­ған. Пеш­пен қатар біз газ тазарту жүйе­лерін де күрделі жөн­деу­ден өткіздік. Алдағы 10 жылда олар­­дың жұмыс тиімділігі 99,5% болады», деді ERG-дің Қазақ­стан­­дағы бас директоры Серік Шахажанов.

Қазақстан электролиз зауыты жаңа 16 электролизді іске қосып, өндіріс қуатын ұлғайтуды көз­деп отыр. Нәтижесінде, бас­тап­қы алюминий тотығы өн­ді­рісінің көлемін жылына 14 мың тон­наға арттыруға мүмкіндік туа­­ды. Күйдіру пештерін күр­де­лі жөн­деу жұмыстары ал­да­ғы уа­қыт­­та кәсіпорынды өз анод­тары­мен қамтамасыз етуге септеседі.