– Кейінгі жылдары Сыр өңірінде бой көтерген жаңа заманауи нысандар аудан орталықтары мен қала сәулетінің, тұрғындардың өмір сапасының артуына қызмет етіп келеді. Бүгін Жалағашта жаңа баспанаға қол жеткізген 50 отбасының қуанышын сезініп тұрмыз. Бұл – тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған қолдаудың нақты көрінісі, – деді аймақ басшысы.
Еңбек ардагері Әбілқайыр Ерәлиев жаңа баспанаға қол жеткізген тұрғындарды құттықтап, бата берді. Бүгінде Сыр өңірінде 4170 пәтерлік 300 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Осы күні аудандағы Мырзабай ахун ауылында дәрігерлік амбулатория мен кентте теміржол көпірі үстінен өтетін жаяу жүргіншілер жолы қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін Аламесек ауылындағы медицина мекемесінің ғимараты пайдалануға беріліп, келушілерді қабылдай бастайды. Келер жылы Қаракеткен ауылында фельдшерлік-акушерлік бекет құрылысы басталады.
Қызылорда