
Елордада өткен брифингте Жеңіс Қасымбек LRT құрылыс неше жылдан кейін аяқталуы мүмкін екенін айтты.
«Нақты айды, уақытты айтпай-ақ қояйын. Мен қажетті қаржы бөлінген жағдайда екі-екі жарым жыл ішінде салынады деп айттым», деді Жеңіс Қасымбек.
Айта кетсек, 30 маусымда Астанадағы LRT құрылысын жалғастыруға 50 миллиард теңге бөлінген еді.