Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

320 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2023 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алған азаматтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

«Дарын» сыйлығы жастарға жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ спорттағы жоғары жетістіктері үшін беріледі.

Сыйлықтың мөлшері әр номинация бойынша 600 мың теңгені құрайды.

2023 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері:

«Ғылым» номинациясы 

Кенжина Инеш Ергазықызы - «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-ның «Жалпы физика» кафедрасының зерттеуші-профессоры

Өтепов Елбек Бахитұлы - «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ - ның «Құрылыс» кафедрасының профессоры

«Эстрада» номинациясы

Абдықалықова Айзада Абдуахитқызы - Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Тайжан Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының әртісі

Пазылақын Толғанай Ұланқызы - «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РМҚ-ның «Эстрадалық вокал» кафедрасының оқытушысы

«Классикалық музыка» номинациясы

Аманжолова Айгерім Меңдібайқызы - Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік кадемиялық филармония» МКҚК-ның «Классикалық вокал» бөлімінің әртісі

Алғи Ақбике Ғалымқызы - «Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК-нің Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі

«Халық шығармашылығы» номинациясы

Долдашев Болат Маханбетұлын - «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Дина Нұрпейсова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі» КМҚК-ның бас дирижері және көркемдік жетекшісі

Әбдіберікұлы Бекболат - «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» ММ-нің «Қазақ халық аспаптары» оркестрінің жетекшісі

«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы

Касьянов Дамир Рашидович - Шымкент қаласы Білім басқармасының «Балалар шығармашылық мектебі» МКҚМ-нің «Композиция» және «Сурет» қосымша білім беру пәндерінің мұғалімі

Жапарова Салтанат Аминқызы - «Қазақстан этнодизайнерлер одағының» төрайымы

«Журналистика» номинациясы

Бектас Ақерке Бағдабекқызы - «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы ақпараттық сараптамалық бағдарламалар дирекциясы жедел және саяси жобалар бөлімі «Aқорда» бағдарламасының авторы-продюсері

«Креативті бастамалар» номинациясы

Қопабаев Әділхан Амангелдіұлы - Қазақстан Республикасының Отын-энергетикалық кешенің Ахуалдық-таңдамалы орталығының басқарма төрағасы

Қуатбаев Айбек Нұрланұлы - «Bugin Holding Corp» ЖШС бас директоры

«Спорт» номинациясы

Айтмұхан Ризабек Қанатұлы - Ұлттық құраманың спортшысы, ересектер арасындағы Азия чемпионатында, жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иегері, еркін күрестен Әлем чемпионы

Құлымбетова Жібек Алимханқызы - Джиу-джитсудан жеті дүркін әлем чемпионы және грэпплингтен әлем чемпионы, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы, жүлдегері.

«Әдебиет» номинациясы

Хадыр Бахытбек - «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі

Жылқыбай Мейіржан Сейтжанұлы - «QIT Enterprise» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жобалар менеджері

«Театр және кино» номинациясы

Птыралиев Еркінбек Абайбекұлы - Қазақ ұлттық өнер университетінің «Операторлық өнер, дыбыс режиссура және арт менеджмент» кафедрасының меңгерушісі

Булатов Фархад Булатович – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» АҚ-ның әртісі.