Спорт • 26 Желтоқсан, 2023

Балуандарға – сыйақы

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Астанада Қазақстан дзюдо федерациясы 2023 жылдың қоры­тындысы бойынша ең үздік балуандарды анықтап, оларға сый-құрмет көрсетті.

Балуандарға – сыйақы

Аталған федерацияның президенті Қуаныш­бек Есекеевтің жетекшілігімен өткен іс-шараға осы күрес түрінің басы-қасында жүрген белді мамандар қатысты. Нәти­жесінде, жылдың ең үздік дзюдошы деп танылған Әбиба Әбужақыноваға 5 мың доллар табыс етілді. 26 жастағы спортшымыз биыл Азия ойындарында күміс медальды иеленіп, Португалиядағы Гран-при турнирінде алтыннан алқа тақты. Париж және Тбилисидегі Гранд-Слэм додасында қолаға қол созды. Түрлі турнирлерде табысты өнер көрсеткен Мағжан Шамшадин, Есмигүл Куюлова, Абылайхан Жұбаназар және Нұрлыхан Шархан 3 мың доллардан алса, Жанарыс Рахметқали, Талғат Орынбасар, Нұрлан Исатаев, Балғабай Досбол, Сабина Юлдашбекова, Оралбек Байзақ, Берікбол Жұманбеков сынды жастар мен жасөпірімдер буынының өкілдеріне де ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ бірқатар мықты балуан мен білікті маманның да еңбектері ескерусіз қалған жоқ.