Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023

Үздіктердің марапаты

140 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өткен жұма күні Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Погонды жур­налист» жобасы мен «Менің полициям» республикалық бала­лар байқауының нәтижелері бойынша үздіктер марапатталды.

Үздіктердің марапаты

Іс-шараға қатысқан Ішкі істер министрлігінің аппарат­ бас­шысы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев министр­лік­тің бастамасымен өткен шы­ғар­машылық байқаулар мен жоба­лардың журналистер мен құқық тақырыбында қалам тартып жүрген жастар арасында та­нымал болып келе жатқанын айт­ты. Оған дәлел – жыл сайын­ қа­ты­сушылар саны да артып келеді.

– Биыл «Погонды журналист» жобасы үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Оның басты мақ­саты – полицияның құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіп­сіз­­дігін қамтамасыз етудегі қыз­ме­тін бұқаралық ақпарат құрал­да­рын­да белсенді жариялап, оның ашық­тығын қамтамасыз ету, журналис­тер­мен өзара ынты­мақ­тас­тықты нығайту. Биыл жобаға респуб­ли­калық және өңірлік БАҚ-тың 63 жур­­налисі қатысып, 90-нан астам мате­риал БАҚ пен әлеуметтік желіде жария­ланды. Жобаға қатысушы жур­налистер полицияның бір күн­дік өмірі туралы жан-жақты әрі қызық­ты материалдар әзірледі, – деді министр­ліктің аппарат басшысы.

Оның айтуынша, «Менің полициям» балалар байқауы талантты балаларды қолдау, оларды отбасына, өз еліне деген сүйіспеншілікке баулу, балаларды полицияның қыз­метіне бағдарлау, құқық бұзушылыққа қарсы дүние­таным­ды қалыптастыру мақса­тын­да ұйымдастырылған. Шы­ғар­­машылық байқау «Үздік эссе», «Үздік Тикток», «Үздік бей­не­ролик/vine» аталымдары бо­йынша барлық аумақтық бөлі­ністе өткізілді. «Іріктеу туры­ның қорытындысы бойын­ша балалардың 70-ке жуық жұ­мы­сы «үздік» деп танылып, қазы­лар алқасына ұсы­нылды. 21 бейнематериал, 23 эссе, 18 тикток жұмысын танымал қалам­герлер, тіл мамандары мен телеви­зия саласының майталмандары бағалап, әділ бағасын берді. Балалар «Менің әкем – полицей», «Полиция – қауіпсіздік пен тәр­тіп­тің тірегі», «Бейбіт күннің батыр­лары», «Есірткіге жол жоқ!», «Мек­теп­тегі қауіпсіздік», «Бала – бас­ты жолау­шы» та­қы­­рыптарын арқау етіп, өз шы­ғар­маларын ұсынды», деді Оңал Бекеев. Жалпы, бала­лар шығармашылығына арнал­ған байқау полицейдің пози­тив­ті обра­зын қалыптастыруға және балалардың полиция маман­ды­­ғына деген қызы­ғу­шылығын арт­тыруға, сондай-ақ ұрпақтар сабақ­тастығын жалғастыруға сеп­ті­гін тигізген.

Сонымен «Погонды журналист» жобасының қорытындысы бойынша «Ең креативті журна­лист» дипломымен «Polisia.kz» медиа-порталының тілшісі Ақмарал Махамбетәлі, ал «Кәсі­билік пен журналистік шебер­лі­гі үшін» дипломымен осы жол­дар­дың авторы марапатталды.

«Жылдың үздік жобасы» дип­­­ломы «Bag.kz» ақпараттық агент­ті­гі­­нің аға тілшісі Гүлжан Раман­құ­­­ло­ваға бұйырды. Ал «Egemen Qazaqstan» газетінің тіл­шісі Жадыра Мү­сі­лім мен «Сақшы» газетінің тіл­шісі Гау­һа­рай Есімова «Үздік мақала» дипломына ие болды.

«Хабар» телеарнасы «Оян» таң­ғы бағдарламасының тілшісі Қаракөз Кенжебаева «Үздік бейнематериал», Қазақ радиосының редак­тор-жүргізушісі Азамат Тілепов «Үздік аудио материал», «Polisia.kz» журналының тілшісі Наталья Мосунова «Ең ұтымды тақырып» дипломдарымен марапатталды.

Осы күні «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Әсет Сыз­дықовқа «Қазақстан полиция­сына 30 жыл» естелік төсбелгісі табыс етілді. «Юридическая газета» газетінің тілшісі Линара Сақта­ғановаға ІІМ-нің­ Құрмет грамотасы берілді.

«Менің полициям» респуб­ли­калық балалар байқауының қоры­тындысы бойынша «Үздік бейнеролик» аталымы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Астана қаласы №95 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Айзере Қорғанбекова, «Жас қалам» аталымы бойын­ша дип­ломмен Астана қаласы «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрәли Кенжеғожа мара­пат­талды.