Білім • 25 Желтоқсан, 2023

Абай, Ыбырай, Шәкәрім: Шымкенттік 3 жасар бүлдіршін қазақ зиялыларын жатқа біледі

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ зиялыларының аты-жөндері мен суреттерін жатқа білетін бүлдіршін көпті сүйсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.

Абай, Ыбырай, Шәкәрім: Шымкенттік 3 жасар бүлдіршін қазақ зиялыларын жатқа біледі

Балабақша жасындағы баланың ақын-жазушыларды жатқа айтып отырған сәтінің видеосын анасы ТікТок парақшасында жариялады.

"Отырар" арнасының мәліметінше, бейнежазбада қолына «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқулығын ұстаған балақайдың анасы кітапты парақтап отырып, ұлынан ондағы ақын-жазушылардың аты-жөндерін сұрайды. Бүлдіршін болса «Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов» деп қазақ зиялылыларының есімдерін айтып береді.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары бүлдіршіннің есте сақтау қабілетіне таң қалысып, болашақта ғалым болсын деген тілектерін білдірді.

«Мықты бала болайын деп тұр», «Алла қаласа, балаңыз үлкен ғалым болар. Тіл-көзден аман болып, үлкен азамат боп өссін», «Өзім тек Абайды білемін, қалғандарын ұмытып қалыппын. Жарайсың, балақай», «Келешекте жазушы болшы. Тез ұғады екен», «Керемет. Тіл-көзден амал бол, балапан», «Осынша жасында бәрін біліп тұр. Бір жерді тесіп шығады», «Талабыңа нұр жаусын», «Бізден жақсы біледі екен» деп жазды желідегілер.

Автордың желі қолданушыларының пікіріне берген жауабына сүйенсек, балақай 3 жаста. Шымкент қаласында тұрады.