Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023

Зиян еңбек жағдайында жұмыс істегендер қалай төлем алады?

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында зиян еңбек жағдайында жұмыс істегендерге арнаулы әлеуметтік төлемнің қалай төленетінін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Зиян еңбек жағдайында жұмыс істегендер қалай төлем алады?

Фото: ашық дереккөз

Белгілі болғандай, бүгінде министрліктің ақпараттық жүйелері сынақтан өтіп жатыр, ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануға дайын болады.

«Төлемдер проактивті форматта жүзеге асады және бір төлеммен жүреді. Төлемді алғанға дейін қызметкер еңбек ресурстары порталында өзінің жеке кабинетіндегі алдын ала есептеуге сұрау салу арқылы төлемнің мөлшерін біле алады. Авторизациядан өтіп, өз логинін енгізуі керек. Егер азамат сол жерде көрсетілген сомаға қанағаттанса, өтініш береді. Соған сай жұмыс беруші біздің бірыңғай жүйеге еңбек шарты бұзылғаны туралы тиіс ақпаратты енгізеді. Содан кейін біз макет дайындап, төлем жасаймыз», деді Светлана Жақыпова. 

Министр бұған дейін Қазақстандағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын ұсынған еді. Светлана Жақыпованың айтуынша, тұжырымдаманың мақсаты - жұмысшылардың еңбек өмірінің сапасын жақсарту және еңбек ресурсын үнемдеу.

Түсіндірілгендей, бұл Қазақстандағы өндіріс жарақатының көбеюіне байланысты қажет. Ресми статистикаға сай, 2022 жылы жұмыс орнында зардап шеккендер саны 2021 жылмен салыстырғанда 15%-ға, кәсіптік аурулар 8%-ға өскен.