Өнер • 27 Желтоқсан, 2023

Жаңажылдық ойыншықтың орнына - ләңгі мен асық. Шымкентте этношырша безендірілді

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұмай 2023» Ұлттық сыйлығының «Заманауи өнердегі үздік жоба» аталымында озық шыққан Болатбек Бейісбековтің отбасы жаңажылдық шыршаны ұлттық құндылықтарымыздың элементтерін пайдалана отырып, ерекше безендіреді. Суретшілер династиясы жаңажылдық ойыншықтың орнына - ләңгі мен асық, қобдиша, сәндік әшекей т.б. қолданады, деп жазады Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңажылдық ойыншықтың орнына - ләңгі мен асық. Шымкентте этношырша безендірілді

Фото: otyrar.kz

«Алтын орда» арт - галереясының негізін қалаушы Болатбек Бейісбековтің отбасы 10 жылдан бері жаңажылдық шыршаны қазақы нақышта безендіруді дәстүрге айналдырған. Қолөнер шеберлері жасыл шыршаны әрлеуге арналған сандық, ләңгі, асық, ұлттық аспаптар, киіз үй мен жыл иелерінің ойыншық кіші көшірмелерін өздері арнайы дайындаған.

аа

Болатбек Бейісбеков заманауи сұраныстарға ұлттық құндылықтарымызды икемдеу арқылы жауап берсек ұрпақ тәрбиесінде өткеніміз ұмытылмайды, керісінше өшкеніміз жанады деген пікірді ұстанады.

«Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында 4 метрлік жасыл шыршаны этностильде безендіреміз. Шыршаны сәндеуге немерелерім мен отбасы мүшелері түгел қатысады. Осы процесс барысында әр ойыншық көшірменің тарихын, қолданылу орнын әңгімелеп беремін. Сондай-ақ шаңырағымызға келген қонақтар да ұлттық кодымыз болып бедерленген сәндік бұйымдармен жақын таныса алады. Мұнда ілінген әр ойыншықтың астарында ізгі тілек жатыр. Мәселен, мына ағаш орындық жаңа жылда әр үйде құтты қонақ үзілмесін дегенді аңғартса, дөңгелек пішінді ағаш үстел дастарханымыз мол болсын деген ниетпен ілінген», дейді Б.Бейісбеков.

аа

Қолөнер шеберлері бұл бастамаға әр отбасы қолдау білдіріп, мерекеге осындай ұлттық сипат берсе жас буынның санасы да сергек болатынын айтты.аа