Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан аумағы әлі де атлантикалық циклонның шұңқыры мен атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында тұр. Сол себепті оңтүстікте жаңбыр жауып, таулы аймақтарда өте қалың қар жауады. Мамандар 28 желтоқсанда жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді желмен қатар, елдің солтүстік жартысында да бұрқасын болатынын атап өтті.
Сондай-ақ синоптиктер түнде оңтүстік-батыста, атап айтқанда, Жамбыл облысының таулы аймақтарында екпіні 30 м/с және одан да жоғары жел соғатынын ескертті.