Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023

Ел азаматтары Google-да ең көп іздеген сөз қандай?

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Google компаниясының Google Trends бөлімі апта, ай, жылдың «ең танымал сұрауларын» жариялап отырады. Осы сараптамалық мәліметке сүйенсек, Қазақстан аумағында 2023 жылы Google іздеу жүйесінен «Слово пацана» сөзі ең көп теріліпті, деп жазады Egemen.kz.

Ел азаматтары Google-да ең көп іздеген сөз қандай?

«Слово пацана» - ресейлік телехикая атауы. Әлеуметтік желілерде кең таралған фильм үзінділерінің әсері болса керек, дәл осы сериал атауы Google-да ең көп ізделіпті. 

Сондай-ақ Google Trends жыл бойы Қазақстан халқы жиі сұрау салған 5 тақырып жиынтығына: ауа райы, аударма, Қазақстан, Алматы, Русский сөздерін енгізген.

Халықтың әлеуметтік, тұрмыстық қызығушылығына байланысты WhatsApp Web, дайын үй тапсырма жауаптары, видео, Слово пацана, Кровь на асфальте, Зимородок,  OLX, Одноклассники, Wildberries, пиндуодуо, 2023 жылғы 1 айлық есептік көрсеткіш (МРП) тіркестері де жиі қаралған.

Ал әлем халқы биыл Google іздеу жүйесінде Газа секторындағы соғыс туралы ақпаратты көбірек сұратқан. Одан кейінгі орында «Титан» батискафы апаты, Түркиядағы жер сілкінісі, «Хилари» мен «Идалия» дауылдары туралы тұр.