Үкімет • 28 Желтоқсан, 2023

Еларалық маңызды жоба

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен CNPC компаниясының президенті Хоу Цицзюнь (ҚХР) Қазақстан мен Қытай арасындағы бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар аясында мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Кездесу бейнеконференция форматында өтті.

Еларалық маңызды жоба

Р.Скляр еліміздің ҚХР-мен, атап айтқанда, Қытай ұлттық мұ­най-газ корпорациясымен стра­те­гия­лық әріптестігінің маңы­зын атап өтті. CNPC – әлем­дегі ең ірі мұнай компания­лары­ның бірі, сондай-ақ Қазақ­станның бұрын­нан келе жатқан стра­тегиялық және инвестициялық серіктесі.

Хоу Цицзюнь өз кезегінде CNPC Қазақстанмен ынтымақ­тас­тыққа үлкен мән беретінін атап өтті. Екі Мемлекет басшылары қол жеткізген маңызды уағдаластықтарды басшылыққа ала отырып, компания энергетика саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ауқымын кеңейтуге және Қытай-Қазақстан кешенді стратегиялық әріптестігінің терең дамуына үлес қосуға ұмтылады.

Қазақстан Үкіметі биылғы мамыр айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары кезінде Энергетика министрлігі мен CNPC арасында жасалған Энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту туралы негіздемелік келісім аясындағы нақты жобалар бойынша тығыз жұмыс істеп жатыр.

Шымкент МӨЗ-дің өнді­рістік қуатын кеңейту, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбы­рының екінші желісін салу, бір­лескен геологиялық барлау және т.б. мәселелер пысықталып жатыр. Тараптар көптеген бағыт бойынша оң нәтиже бар екенін атап өтті. Үкімет тарапынан осы жобаларды тиімді түрде іске асыру үшін барлық қажетті шара қабылданатын болады.

Сондай-ақ ынтымақтастықты нығайту аясында Роман Скляр мен CNPC басшысы Хоу Цицз­юнь осындай кездесулерді тұрақ­ты негізде өткізіп отыруға келісті.