Экология • 29 Желтоқсан, 2023

Сексеуілді кесуге тыйым салынады

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ашық НҚА» порталында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің сексеуілді кесуге тыйым салу туралы бұйрықтың жобасы көпшілік талқылау үшін назарға ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.

Сексеуілді кесуге тыйым салынады

Фото: Досжан Балабекұлы

«Уран кен орындарын қазып шығаратын және мемлекеттік орман қорының құбыр желісі өтетін жерлерде жаппай кесуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын», делінген құжатта.

Бұйрықтың орындалу барысын әр өңір басшылары бақылауға алуы тиіс.