Жоғары білім – бұл кәсіптік немесе орта білімнің жоғары деңгейі. Көптеген елдерде жоғары білім өмірде мағыналы нәрсеге қол жеткізгісі келетіндер үшін міндетті болып табылады. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ - бұл өңірдегі экономиканың қарыштап дамуы және оған деген инженерлі-техникалық мамандардың қажеттілігін толтыруды, нағыз маман иесі болуды қамтамасыз ететін бірегей оқу орыны.
Университеттің жоғары беделі мен сапалы білім беру бағдарламалары университетті шетелдік студенттер үшін тартымды етті. ЖОО-да әлемнің 8 елінің студенттері оқиды. ШҚТУ Германия, Польша, Венгрия және Ресей университеттерімен екі дипломдық бағдарлама бойынша білім беруді қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеуден өтіп, университет дипломы шетелде танылды. ШҚТУ QS әлемдік рейтингінде төрт жұлдызға ие болды. Университет Green Metric әлемдік рейтингінде тұрақты көшбасшы болып табылады және The Impact рейтингінде жоғары бағаланады.
ШҚТУ Неміс Жоғары оқу орындарымен альянста Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институтын құрды.
Кәсіпорындар мен серіктестер бірлесіп, университет CDIO халықаралық стандарттары негізінде инженерлік кадрларды тәжірибеге бағдарланған даярлауды жүзеге асырады (ШҚТУ – бұл бастамаға қабылданған Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны). Сондай-ақ, қазір жоғары оқу орнының қызметкерлері мен ғалымдарының командасында халықаралық стандарттарға негізделетін республикалық ауқымдағы «Техникалық білім берудің ұлттық моделі» атты үлкен жоба әзірленіп жатыр.
Қазақстан Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ШҚТУ базасында тау-кен металлургия саласы үшін осындай орталық құрылады. Сондай-ақ, университет базасында еліміздің жоғары оқу орындарына кейіннен трансляциялау үшін «Цифрлық университет моделі» іске асырылып жатыр. ШҚТУ базасында «Энергетика» бағыты бойынша Өскемен ЖЭО филиалын ашты. Оған «Жылу энергетикасы» және «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламалары бойынша төрт оқу аудиториясы кіреді, сондай-ақ ЖЭО-да оқу полигоны, сызбалары, көрнекі құралдары, техникалық және кәсіби әдебиеттері бар кітапхана бар.
Сонымен қатар біздің ЖОО-да желтоқсан айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Лу Бань шеберханасы ашылды. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында Қытай Халық Республикасына жасаған сапары барысында мемлекеттік деңгейде ШҚО әкімдігі мен ҚХР Тяньцзинь қаласының халық үкіметі арасында «Лу Бань шеберханасын» құру туралы келісімге қол қойылды, сондай-ақ Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және Тяньцзинь кәсіби институты арасында осы шеберхананы құру туралы келісімге қол қойылды.
Жоба Қазақстан мен ҚХР арасындағы қолданбалы технологиялар және жоғары техникалық білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды, сондай-ақ «Бір белдеу - бір жол» бастамасын қолдауды көздейді.
ШҚТУ – бұл дәстүрлер мен инновациялардың тандемі, интеграцияланған білім, ғылым және индустрия арқылы жоғары технологиялық болашақ.