Қоғам • 31 Желтоқсан, 2023

Астанадан қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер уақытша тоқтады

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадан қала маңына қатынайтын бірнеше бағыттағы  автобустар тоқтады, деп хабарлайды Egemen.kz «City Transportation Systems»  ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанадан қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер уақытша тоқтады

cts.gov.kz/

«Ауа райының нашарлауына байланысты, қала маңына қатынайтын № 308, 309, 315, 316, 327, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылып тұр», делінген ақпаратта. Сондай-ақ  елорданың айналасына қатынайтын басқа бағыттағы кейбір  қоғамдық көліктердің жүріп жатқаны жазылған хабарламада.