Спорт • 31 Желтоқсан, 2023

«Мұнайлы астана кубогі» өтті

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында грек-рим және еркін күрестен «Мұнайлы астана кубогі» халықаралық  турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық грек-рим, еркін және жағажай күресі федерациясына сілтеме жасап.

«Мұнайлы астана кубогі» өтті

atr.kz

Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Болгария,  Өзбекстан елінен 80-нен аса балуан қатысқан додада жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты жүлде берілді. 

Еркін күрестен 74 келі салмақта Атырау облысынан шыққан тұңғыш Азия чемпионы Сырбаз Талғат барлық қарсыластарын айқын ұтса, 86 келіде Әзербайжан балуаны  Тахир Ханиев чемпион болды. Грек-рим күресінен  77 келіде Мақсат Ережепов чемпион атанды. 87 келіде  де жерлесіміз атыраулық балуан  Евгений Поливадов халықаралық турнирдің чемпионы атанды.

«Атырау облысында грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының құрылғанына бес айдың жүзі болды. Биылғы жылды қорытындылап, «Мұнайлы астана кубогі» халықаралық турнирін өткіздік. Маңызды додаға әлем чемпиондары, Еуропа, Азия біріншіліктерінде олжа салып жүрген таңдаулы балуандар қатысты. Облыс әкімдігінің қолдауымен өткен халықаралық турнирді ұйымдастырудағы басты мақсат –  облысымыздағы жас балуандарға серпін беріп, өңір спортының әлеуетін арттыру» деді  облыстық федерация президенті Арман Тұғаев.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында тазалық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 05 Сәуір, 2025

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

«Жеміс»

Мың бір мысал • 05 Сәуір, 2025

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • 05 Сәуір, 2025

«Мода дегеніміз...»

Сатира • 05 Сәуір, 2025

Тікелей әуе рейсі ашылады

Саясат • 05 Сәуір, 2025

Отбасына тиімді карта

Қоғам • 05 Сәуір, 2025

Көлікті сақтандыру қымбатқа түседі

Заң мен Тәртіп • 05 Сәуір, 2025

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • 05 Сәуір, 2025

Торғайды түлететін төте жол

Экономика • 05 Сәуір, 2025