Қоғам • 02 Қаңтар, 2024

Ұлт рухы биік болғай!

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлт рухы биік болғай!

Жаңа жылда еліміз жақсылықтан-жақсылыққа жете берсін. Президентіміздің көпвекторлы саясаты ар­қылы біраз ел-жермен қауышып жүрміз. Мұның бәрі, әрине, жақсылықтың нышаны. Өнер-білімнің, әдет-ғұрып, салт-сананың жандануына көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Ел қамын ойлап жүрген азаматтардың дені сау болсын, жолдары ашық болсын. Өсіп келе жатқан балдырғандар рухты болып, дами берсін. Мен ұстаз болғандықтан әрбір оқушының зейіні ашылып, жаңа биікке үздіксіз құлаш ұрғанын көргім келеді. Бір жылдары оқушыларыммен бірігіп Америкаға, Италияға бардық. Сонда Бостон деген қалада бір университетте болдық. Дүние жүзіндегі мықты екі-үш университет болса, соның бірі екен. Міне, сондай дамыған жердің ішкі білім жүйесін көріп таңдай қақтық. Біз де сондай алып оқу орындарынан үйреніп, ұрпақ санасын жаңғырта алсақ, елімізге еңбегімізді сіңірсек деген тілек көкейімде әр кез тұрады.

Президенттік стипендия алып жатырмын. Еңбегімді осылай елеп, қолдау көрсетіп жатқан азаматтарға рахмет. Бойымда күшім барда Отанымнан бар жақсылығымды аямаймын. Жастарға, шәкірттеріме биік парасат тілеймін. Ұлт рухы биік болғай!

 

Айтжан Тоқтаған,

күйші, профессор