Пікір • 02 Қаңтар, 2024

Өнерді қолдау – елді қолдау

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өнерді қолдау – елді қолдау

Күні кеше ға­на Президент стипен­дия­сының иегері атанып, Жаңа жыл қарсаңында бір марқайып қалдым. Жал­пы, бұл марапаттың бәрі өнерді қолдау деп білемін. Өнерде еңбек­теніп жүрген барша аза­маттарға қолдау көрсе­­тіліп жатқаны қаза­қы дәстүрдің тамаша бір көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тура Жаңа жыл қарсаңында өнер адамдарының мерейін асырып отырғаны шығармашылыққа деген ерек көзқарасын көрсетеді. Жаңа жылда мәдениет саласындағы барлық мақсат пен жос­пар орындалсын деп тілейміз. Қазақ өнері әрқашан асқақтай берсін. Келген жыл ұлттың руханияты мен мәдениетіне орасан жетістіктер алып келсін. Еліміздің болашағы даңғыл, экономикасы мығым, өнері озық болсын.

 

Байтұрсын Өмірбеков,

суретші,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері