1 қаңтардан бастап су шаруашылығы қызметкерлерінің бір бөлігінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға артты. Бұл Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген іс-шаралардың нәтижесінде іске асты.
Бұдан бөлек, министрлік отандық су саласының кадрлық әлеуетін жақсарту үшін су шаруашылығы мамандарын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр.
«Еңбекақыны арттыру − су шаруашылығы саласында жұмыс істеуді тартымды ету қадамдарының бірі. Әрине, салада жүрген мамандарды ұстап қалып қана қоймай, оларды қажетті дайындықпен, заманауи дағдылармен және біліммен қамтамасыз ету қажет. Министрлік бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатыр», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.