Президент • 04 Қаңтар, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран халқына көңіл айтты

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ибрахим Раисиге көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран халқына көңіл айтты

«Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан жүздеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын», деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы бақилық болғандардың жандары жәннатта болуына, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.