Сенаторлар заң шығарушы орган жұмысының қорытындылары және 2023 жылы қабылданған заңдар туралы мәслихат депутаттарын хабардар етті. Кездесуге қатысушылар еліміз Президентінің жақында «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатының негізгі тақырыптарын талқылады және өңірді дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Облыстық мәслихат депутаттары өз кезегінде ауыл шаруашылығы, жайылымдық жерлер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде өз ұсыныстарын айтты.
Отырысқа облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.