ФОТО: senate.parlam.kz
Депутаттар қияр өсіруге маманданған жаңа жылыжай кешенінде болды. Аймақ тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отырған бұл кәсіпорын облыс халқының қиярға деген сұранысының шамамен 30%-ын қанағаттандыра алады. Сенаторлар сонымен қатар Қызылжар ауданында аудандық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен және аудан активімен кездесті. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында еліміздің өңірлерін әлеуметтік-экономикалық одан әрі дамытуға бағытталған негізгі тұжырымдарын талқыға салды. Кездесу барысында аудан орталығында заманауи түрдегі жаңа емхана салу туралы мәселе көтерілді. Депутаттар бұл мәселені жедел шешудің маңыздылығын атап өтіп, оны бақылауға алатынын жеткізді.
Сенаторлар сонымен қатар Қызылжар ауданындағы №3 Бешкөл орта мектебінде болды. Депутаттар оқу үдерісінің ерекшелігімен танысты және мұғалімдер қауымымен жүздесті. Сондай-ақ Сенат қызметінің негізгі қорытындылары, елімізде жүзеге асып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы әңгімеледі.
Депутаттар облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесті. Облыс басшысы сенаторларды жыл қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы хабардар етіп, парламентшілерді жылыту маусымы және көктемгі су тасқынына дайындық жағдайымен таныстырды. Сенаторлар өз кезегінде тұрғындар жолдаған хаттарда айтылған бірқатар проблемалық мәселеге тоқталды және азаматтарды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Сенат қабылдаған заңдар туралы мәлім етті.