Фото: qr_tjm
4 қаңтарда Ақтөбе облысының Тәңірберген ауылынан Сарыжар ауылына жеңіл көлігімен жолға шыққан екі адам адасып кеткен.
Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 1961 және 1969 жылы туған екі азаматты түн ортасы ауа аман-есен тапты.
Төтенше жағдайлар министрлігі ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді.