Қоғам • 05 Қаңтар, 2024

Түркістанда қап-қап есірткі тәркіленді

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері екі қап есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia-ке сілтеме жасап.

Түркістанда қап-қап есірткі тәркіленді

Фото: POLICE_of_KZ

«Батыс Қытай - Батыс Еуропа трассасының 601-шақырымында Honda Odyssey көлігі тоқтатылды. Көліктің жүксалғышынан екі қап есірткі табылды. Алынған заттар сараптамаға жіберілді. Тәркіленген заттың 40 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды. Есірткіні заңсыз тасымалдау дерегі ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді», делінген ақпаратта.

Күдікті қамалып, тергеу амалдары басталды.