Оқиға • 08 Қаңтар, 2024

Жасөспірім қыз сырғанаймын деп қайтыс болды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында капотқа мініп сырғанаған қыз көз жұмды. Ол екі досының көлігіне ескі машина жабдығын тіркеп сырғанаған, деп жазады Egemen.kz.

Жасөспірім қыз сырғанаймын деп қайтыс болды

Фото: әлеуметтік желіден

Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысындағы Ветелки ауылында болды. 

Жергілікті полиция басқармасына 5 қаңтар күні сағат 23:41-де 17 жастағы қыз есін жимастан қайтыс болғаны туралы хабар түскен.

«Полиция қызметкерлері қыз бала сырғанау мақсатында ескі капотқа отырып, көліктің артында келе жатқанын анықтады. Сырғанау кезінде ол газ тірегіне қатты соғылған. Соққы салдарынан қыз есін жимастан көз жұмған. Қазіргі уақытта екі көлік анықталып, Орал қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», делінген ПД хабарламасында.