Спорт • 10 Қаңтар, 2024

Ақтөбе кәсіпкерлері әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы атады

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға ақтөбелік атымтай жомарт азаматтар бір үйір жылқы сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе кәсіпкерлері әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы атады

Бұл туралы хабар әлеуметтік желіде тарады

«Жылқы қазақтың рухы екені баршаға мәлім… Ата-баба салтын берік ұстанатын Ақтөбе облысының жылқышылар одағы, Марат, Ринат Жанғозиндар мен осы өңірдің бірнеше бетке ұстар азаматтары «Тақымыңнан тұлпар кетпесін» деп, еркін күрестен еліміздің тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы атады. Сондай-ақ арнайы тапсырыспен АҚШ-тан, қолдан жасатылған ер-тоқымды тарту етті», — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ әлем чемпионы Ақтөбеге барған кезінде облыс әкімі мен бір қанша лауазымды тұлғалардың қабылдауында болып, ақ-тілек, батасын алған.