Спорт • 12 Қаңтар, 2024

Қазақстан гандболшылары араға 29 жыл салып Азия чемпионатына енді

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпан айының 11-25 күндері аралығында Бахрейн елінің Манама қаласында қол добынан (гандбол) ерлер арасында өтетін XXI Азия чемпионатында Қазақстан D тобында Бахрейн, БАӘ, Гонконгпен күш сынасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан гандболшылары араға 29 жыл салып Азия чемпионатына енді

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Министрлікке қарасты Спортты дамыту дирекциясының мәлім етуінше, XXI Азия чемпионатына 16 елдің құрамасы қатысады. Нақты атағанда, Қазақстан, Қатар, Кувейт, Оман, Тайбей, Иран, Оңтүстік Корея, Қытай, Жаңа Зеландия, Сауд Арабиясы, Ирак, Үндістан, Жапония, Бахрейн, БАӘ, Гонконг кім мықтыны анықтайды.

@sportqazaq дерегінше Қазақстан гандболшылары араға 29 жыл салып Азия чемпионатына енді. Осыған дейін еліміздің құрамасы құрлық додасына 1995 жылы қатысып, 8-орын алған.