Фото: azattyq-ruhy.kz
Өзге елден келіп, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 490 азамат және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 137 жұмыс беруші жауапқа тартылған.
«Ал, жалпы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін өткен жылы 2015 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот өзге елдің 121 азаматын ел аумағынан шығару туралы шешім қабылдады», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.
Былтыр Павлодар облысында тұрып жатқан 853 шетелдік Қазақстан азаматтығын алған.