Спорт • 12 Қаңтар, 2024

Париж Паралимпиадасы-2024: Ел таеквондошылары 3 жолдамаға қол жеткізді

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан спортшылары паратаеквондадан Францияда өтетін Олимпиаданың 3 лицензиясына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Париж Паралимпиадасы-2024: Ел таеквондошылары 3 жолдамаға қол жеткізді

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Министрлікке қарасты Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Паралимпиаданың квалификациялық регламентіне сәйкес К44 санатында 80 келіге дейінгі салмақ бойынша паратаеквондошы Нұрлан Домбаев, +80 келі салмақта Нышан Өмірәлі және -57 келі салмағындағы Кәмиля Досмалова биыл Парижде өтетін дүбірлі доданың жолдамасына ие болған. 

Спортшыларымыз әлемдік рейтингтің көрсеткішіне сәйкес, топ 20 үздік спортшылар қатарына енген.

Осы күнге дейін Қазақстан параспортшыларында Париж-2024 ойындарының 5 лицензиясы бар: паражеңіл атлетика, парапауэрлифтинг, волейболды отырып ойнау, параканоэ, паражүзу.

Еске салайык, 2020 жылғы Токио Паралимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасынан 25 спортшы 5 медаль (1 алтын, 3 күміс, 1 қола) жеңіп алып, жалпы есеп бойынша 48 орынды иеленген еді. 

Айта кетсек, Париж шаһарында XXXIII жазғы Олимпиада шілденің 26-сы мен тамыздың 11-і күндері аралығында өтсе, ХVІІ Жазғы Паралимпиада 28 тамыз - 8 қыркүйек аралығында өтеді.