Фото: https://www.gov.kz/
«Қарағанды бойынша бүгінгі таңда 11 нысанда рұқсат құжаттарының толық пакеті жоқ. Дегенмен, олар құрылысты бастап кеткен немесе қандай да бір жолмен жалғастырып жатыр. Нақтырақ айтсақ, сот қаулысымен «Қарқаралы» ТК және Мұқанов, 49р мекенжайы бойынша орналасқан КТК, «Central Avenue» ТК бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды, құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мен әлеуетті үлескерлерге ескерту жасағым келеді: жарнамаға сенбеңіздер. Егер кімде-кім осы нысандарға инвестиция салған болса, ойланып, өз ақшасын талап еткен жөн», деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сержан Аймақов.
Сонымен қатар басқарма басшысы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде құжаттар пакетінің бар-жоғын тексеруді ұсынды.