Қоғам • 12 Қаңтар, 2024

Ұлттық ұланда электронды планшеттер сынақтан өтті

125 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының жеке құрамына өздерінің қызметтік-жауынгерлік қызметінде пайдаланатын электрондық құрылғылар (планшеттер) таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ұланда электронды планшеттер сынақтан өтті

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта аталған құрылғыны тестілеу үшін 5573 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы 3 батальоны таңдалды. Елордалық жедел бригада басшылығы, басқарма өкілдері мен офицерлері өз қызметіндегі техникалық жаңалықтармен танысу үшін келді. Оларға планшеттердің тактикалық және техникалық сипаттамалары, орнатылған бағдарламалық жасақтама мен қосымшалардың мүмкіндіктері түсіндірілді. Мұндай планшеттерді полицейлер өз қызметтерінде қолданып келеді. Көптеген азаматтар, әсіресе жүргізушілер бұл құрылғыны жол-бекет қызмет қызметкерлерінен көрген.

Oukitel RT1 модельді планшеттер әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметін цифрландыруды қамтамасыз етуге, барлық деңгейлерде шешім қабылдауды орталықтандыруға, әскери қызметшілердің өз лауазымдық міндеттерін орындауының ақпараттылығы мен айқындылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жауынгерлік қызмет атқару кезінде жедел жағдай өзгерген жағдайда уақтылы ден қою мен шешім қабылдауға арналған. Планшеттерді әскери бөлімдердің әскери қызметшілері қызметтік-жауынгерлік қызметті ұйымдастыру және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде күнделікті тіршілік әрекеті жағдайында да, төтенше немесе әскери жағдайдың құқықтық режимдерін енгізу кезінде де қолданатын болады.

Осы планшеттерде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің әкімшілік істерінің бірыңғай тізілімі - ЕАБ сияқты Ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуге рұқсат берілетін болады. ЕАБ ақпараттық жүйесінде әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларды жасаған адамдар, олар бойынша қабылданған шешімдер туралы мәліметтер қамтылады, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді электрондық нысанда жүргізу жүзеге асырылады.

«Qamqor» ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің геоақпараттық жүйесі көшедегі қылмысқа уақтылы ден қою және оның өсуін болдырмау мақсатында көшедегі қылмысқа талдау жүргізу мүмкіндіктерімен «қылмыс картасы»қосымшасын қамтиды.

ҚР ІІМ «Қорғау» іздеу жүйесінде машиналардың мемлекеттік нөмірлері оқылып, айыппұлдар мен өзге де ақпараттарды өлшем шарттар бойынша өңдеуге болады, сондай-ақ жол құқық бұзушыны анықтауға мүмкіндік береді делік.

Бұдан әрі астаналық патрульдік полиция полкі қызметінің аға офицері полиция капитаны Данияр Әлімқұлов және оны алып жүретін инспектор аға лейтенант Руслан Рахишев бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы айтып берді. Мәселен, көше камераларының деректерін талдай отырып, жүйе жақын маңдағы қызметкердің планшетіне қауіпті жүргізушінің оған жақындағаны туралы сигнал береді. Бұл кез-келген құқық бұзушылыққа дайындалып жатқан жол қозғалысы ережелерін бұзушы немесе машинаны жоғары жылдамдықпен басқаратын жүргізуші болуы мүмкін. Бұдан басқа, тұрақты негізде полиция Департаментінің ЖБО-дан қосымшаға құқық бұзушылық жасаған іздеуде жүрген адамдарға бағдарлау келіп түседі.

Тиісінше, жауынгерлік қызмет атқару кезінде Ұлттық ұланның әскери жасақтары бойынша кезекші де патрульдеу маршруттарында жедел жағдайға ие болады, бұл оған уақтылы ден қоюға және күштер мен құралдарды қажетті басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, Құқықтық тәртіп әскерлерінің өз бағдарламалары да орнатылады. БАК – Ұлттық ұланның осы бағдарламалық қамтамасыз етуі қызметтік-жауынгерлік қызмет барысында жедел ақпарат жинауға, кейіннен талдау жасауға және Ұлттық ұлан бөлімшелерінің лауазымды адамдарын күнделікті өмірде, төтенше жағдай туындаған кезеңде хронологиялық тәртіппен өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар етуге және командалық-штабтық оқу-жаттығулар мен штабтық жаттығулар өткізуге арналған бірыңғай ақпараттық кеңістік.

Ұлттық ұланның анықтамалық жүйесі және Ұлттық ұлан Академиясының электрондық кітапханасы өз сервистік бағдарламаларына қосымша қосылған. «Linphone» қосымшасыішкі телефон нөмірлеріне кіру үшін және «Maps ME»лауазымды тұлғалардың орналасқан жерін көрсету үшін ерекше чип болады.

Өз кезегінде ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің офицерлері планшеттік компьютерлерді пайдалану аспектілерін кімге беруге рұқсат етілетіні, құрылғыны тек қызметтік мақсатта пайдалану қажеттігі және тағы басқа ақпараттар жеткізілді.

Электрондық планшеттерді енгізу Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін қызметтік құжаттарды толтырумен байланысты күнделікті жұмыстан арылуға мүмкіндік береді, жергілікті жерлерде лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін орындау сапасын арттырады, ақпараттылықты арттырады. Екіншіден, цифрлық технологияларды енгізу онлайн режимінде болып жатқан оқиғалар туралы барлық ақпаратты ғана емес, оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді және жауынгерлік қызметті атқарудың сапасы мен тиімділігіне әсер етеді.