Медицина • 13 Қаңтар, 2024

«Төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр». Дәрігер қызылша жұқтырған балалардың жағдайын айтты

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында  қызылша кеселін жұқтырған 4 бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz «Qazaqstan» ұлттық арнасына сілтеме жасап.

«Төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр». Дәрігер қызылша жұқтырған балалардың жағдайын айтты

Фото: osp.ru

Елордадағы №3 көпсалалы балалар ауруханасы директорының орынбасары Роза Өтегенова  балалар қызылша инфекциясын жұқтырғанға дейін де сырқатқа шалдығып,  белгілі бір диагнозбен есепте тұрғанын айтты.  Оларға қызылшаға қарсы екпе салынбағаны да ем-домға кесірін тигізген.  

«Мамандардың мәліметі бойынша, Астанадағы науқастардың 79 пайызы вакцина алмаған. Батыс Қазақстан облысында қызылша қайта күшейді. Өңірде он күнде 48 дерек тіркелген. Ал былтыр аймақта 477 адам вирус жұқтырған. Облыста 50 мың 500 адамды иммундау жоспарланған», делінген ақпаратта.