Пікір • 15 Қаңтар, 2024

Дипломаттарды даярлауға үлес қостық

113 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қаты­нас­­тар факультеті 1995 жылы сол кездегі еліміздің Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тіке­л­­ей қолдауымен құрылып, негізгі оқу орны­на­ айналды. Факультет өз уақытында құрылды, заман та­ла­­бы соны қажет етті.

Дипломаттарды даярлауға үлес қостық

Министр бас болып, тәжі­ри­белі дипломаттар, атташелер студенттерге дәріс оқыды. Жастар саяси мәселелерге байланысты сұрақтарын қоятын. Олар министрге түрлі тілде (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) сұрақ қойса, олар жауапты сол тілде алатын.

Болашақ халықаралық дә­ре­­же­дегі мамандардың, дип­ло­­­мат­­­­тар­дың өз елімізде білім алып, жетіліп, шыңдалып шы­ғуы – бүкіл халықтың мүд­де­сі­ еді. Қазақстанның көп­­теген дү­ниежүзілік ұйым­ғ­а­ мүше бо­луы кезінде кәсіби дең­гейі жо­ғары, саяси-эконо­ми­ка­лық және рухани дағ­да­рыс­­тарды же­ңе алатын іскер, бі­лім­ді, мә­дениетті тұлғаны қа­лып­­тас­тыруға факультет зор үлес қосты.

Факультеттегі жетекші кафе­дра­­лардың бірі – шет тілдер кафедрасы. Жоғары дәрежелі, заманауи талаптарға сай факультет түлектері бә­се­келестікке сай. Олардың ди­п­ломы әлем­де бағаланады.

1996 жылы басталған инвестиция саясаты елімізде ағылшын тілін үйренуге бетбұрыс жасады. Қазіргі заманауи ғылымның, мәде­ниеттің, саясаттың ғалам­да­ну дәуірінде, шет тілінің құндылығы мен дипломатиялық қарым-қатынас жасауға, сау­да­ мен бизнес салаларын да­мы­туға зор мүмкіндіктер туды. Факультет түлектерінің білік­тілігі халықаралық стан­дарт­тарға сай екенін уақыт та, заман талабы да көрсетіп отыр. Олар бүгінде халықаралық деңгейдегі мәселелермен айналысатын түрлі мемлекеттік және шетелдік министрліктерде, Президент пен Үкімет аппа­раттарының халық­ара­лық бөлімдерінде және тағы да басқа мәртебелі орындарда та­быс­ты қызмет атқарып келеді. Еліміз шамамен 182 мемлекетпен қарым-қатынас орнатты және шетелдерде 67 өкілдігі бар. Түлектеріміздің бірқатары еліміздің ішкі-сыртқы дипломатиялық салаларында абыроймен қызмет атқарып жүр.

Мен ҚазҰУ-да 51 жыл бойы шет тілінен (неміс, ағылшын) дәріс оқыдым. Оның 20-ға жуық жылында кафедра меңгердім. Факультеттің де, кафедраның да көш бастауы­на ынта-жігеріммен кіріс­тім. Қазір де ҚазҰУ-дан қол үзге­­нім жоқ. Шақырған кезде білім алушыларға дәріс оқимын, кездесулерге тұрақты барып тұрамын.

 

Роза ҚАЙЫРБАЕВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры