Экономика • 14 Қаңтар, 2024

Moody's ҚТЖ рейтингін көтерді

111 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Moody's Investors Service (Moody's) халықаралық рей­тинг­тік агенттігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ рейтингін Baa3-тен Baa2-ге дейін көтерді. Болжам «тұрақты».

Moody's ҚТЖ рейтингін көтерді

Рейтингтің жоғарылауы «ҚТЖ» ҰК» АҚ опера­ция­лық­ және қаржылық көр­сет­­­кіштерінің тұрақты жақ­­­са­руын, сондай-ақ кре­дит­тік­­ қабілеттілігінің неғұрлым жо­ға­рылығын көрсетеді.

Агенттіктің бағалауынша, ҚТЖ табыстың айтарлық­тай өсуін және жақсы рен­­та­бель­­ділікті көрсетеді. Кіріс 2021 жылы – 13%, 2022 жылы – 16% және 2023 жылдың алғашқы тоғыз айында 26% өсті және 2024 жылы 15-18% ара­лы­ғында өсуі мүмкін. Moody's түзеткен EBITDA кірістілігі келесі 12-18 ай ішінде 28-30% деңгейінде сақталады.

Сарапшылар ҚТЖ жүк айналымының (2022 жылы – 5,1%, 2023 жылдың алғашқы тоғыз айында – 7,5%) өскенін атап өтті және ол 2023-2024 жылдары негізінен транзиттік және экспорттық операциялар есебінен жылына 7,0%-9,0% өседі деп сенім артып отыр.

Агенттік пікірінше, Транс­каспий халықаралық көлік марш­рутының өсіп келе жат­қан рөлі аясында теміржол жүк тасымалына сұраныс жо­ғары деңгейде қалады және оған инфрақұрылымның тар жер­лері ғана кедергі келтіруі мүм­кін деседі.

Рейтинг теміржол тасымалына деген жоғары сұранысты қанағаттандыруға және активтер базасын жақсартуға бағытталған компанияның ауқымды капиталды инвес­тициялау бағдарламасын көрсетеді. Агенттік пікірінше, теміржол инфрақұрылымын дамытуға және жылжымалы құрамды жаңартуға арналған күрделі шығындар 2022 жылы 33%-ға ұлғайса, 2023 жылы ол үш еседен астам өседі және 2024-2025 жылдары жоғары деңгейде қалады.

Агенттік сонымен қатар ком­панияның мемлекет үшін жо­ғары маңыздылығын және оның көмірсутек секторлары­нан бас тарту арқылы эконо­ми­каны әртараптандыру жө­нін­дегі күш-жігерін атап өтеді.