ФОТО:baq.kz
Депутат жоғары білім беру мәселелеріне, оның дамуы мен халықаралық стандарттарға сәйкестігіне Сенат басшылығы ерекше назар аударып отырғанын министрлік басшылығының назарына жеткізді. Депутат сонымен қатар тіл саясаты, атап айтқанда, мемлекеттік тілді заманауи технологияға кіріктіру мәселесіне де тоқталды.
«Президент алға қойған міндеттерді орындау аясында және «Креативті индустрияны дамыту перспективалары және зияткерлік меншікті қорғаудың құқықтық тәсілдері» тақырыбы бойынша өтетін дөңгелек үстелге дайындық барысында комитет депутаттары «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығында болды. Сапар барысында мекеме сарапшыларымен бірге креативті индустрияны дамытудың келешегін талқыладық. Ол, атап айтқанда, мемлекеттік тілді жасанды интеллект саласына кіріктіру және мемлекеттік тілді оқытудың озық тәсілдерін әзірлеу мәселесі болатын. Президент тарапынан жасанды интеллект саласын дамыту, сондай-ақ оны біздің өмірімізге кіріктіру мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді Сенат пен Үкімет сіздің министрліктің атынан, оның ішінде қажетті заңнама негіздерін жасау арқылы шешу тәсілдерін бірлесіп әзірлеуге тиіс деп санаймын», деді Нұртөре Жүсіп.
Министр өз кезегінде тіл саясатын дамытуға және осы саладағы тиісті нормативтік-құқықтық актілерді ұдайы жетілдіруге бағытталып атқарылып жатқан шаралар туралы депутатты хабардар етті.