Елорда • 15 Қаңтар, 2024

Астанада сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» 288 бұзушылықты анықтап, жол берілген бұзушылықтарды жоюға 247 нұсқама берді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Фото: kapital.kz

Сапасыз құрылыс салғаны және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізгені үшін 46 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 7 техникалық қадағалау ұйымы және 6 ай мерзіммен аттестатты тоқтату немесе айырумен 22 техникалық қадағалау сарапшысы жауапқа тартылды.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК 312-бабының 2-бөлігі, 313-бабының 1-бөлігі бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды:

1. «NAK development» ЖШС;
2. «БазисДоСтрой» ЖШС;
3. «КСМК-АФ» ЖШС;
4. «DBK-Engineering» ЖШС;
5. «Пропилон» ЖШС;
6. «ANA Astana» ЖШС;
7. «ППК» жобалау-құрылыс компаниясы» ЖШС;
8. «X-clusive Qurylyus Group» ЖШС.