Спорт • 16 Қаңтар, 2024

Жолдама Астанада анықталады

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Париж Олимпиадасына ұпай үлестіретін соңғы дода Астанада өтеді.

Жолдама Астанада анықталады

ФОТО: inbusiness.kz

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәлі­метінше, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2024 жылғы спорт кестесін жаңартты. Күнтізбеге сәйкес Қазақстанда өтетін әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 жарысы Алматы қаласынан Астана қаласына ауыс­тырылды.

Жарыс 10-12 мамыр күндеріне жоспар­ланған. Айта кетерлігі, бұл бәсеке 2024 жылғы Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін соңғы Grand Slam жарысы. Grand Slam жарысының жеңімпаздары мен жүл­дегерлеріне берілетін ұпайлар: I орын – 1000 ұпай, II орын – 700 ұпай, III орын – 500 ұпай.