Энергетика • 16 Қаңтар, 2024

Елдің үш қаласында жаңа ЖЭО салынады

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Қазақстанда үш жаңа ЖЭО салынатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің үш қаласында жаңа ЖЭО салынады

Фото: pixabay.com

«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов атап өткендей, Көкшетаудағы ЖЭО қуаты 240 мегаватт, Семейде - 360 мегаватт, Өскеменде - 360 мегаватт болады.

ЖЭО салу жобаларын іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйымдар ретінде «Самұрық-Энерго» және «ИНТЕР РАО Экспорт» бекітілген.

Қайрат Мақсұтов түсіндіргендей, құрылыс барысында Ресей Федерациясында өндірілген негізгі технологиялық жабдықтарды пайдалану жоспарланған.

«Қазіргі уақытта Көкшетауда ЖЭО бойынша ТЭН әзірлеу аяқталды, Семейдегі ЖЭО бойынша ТЭН биыл наурызда дайын болады, ал Өскемендегі ЖЭО бойынша 2024 жылдың аяғына дейін орындай отырып, ТЭН әзірлеуге кірісуді жоспарлап отырмыз. Көкшетау және Семей ЖЭО бойынша EPC-келісімшартқа қол қою биыл 3-тоқсанда, Өскемен ЖЭО бойынша - 2025 жылдың 1-тоқсанында болжанады. Құрылыс жұмыстары 2027-2028 жылдары аяқталады деп жоспарлап отырмыз», деп қосты Қайрат Мақсұтов.

Сондай-ақ ол әрбір жылу электр орталығының болжамды құнын да атап өтті:

  • Көкшетау ЖЭО – 347 миллиард теңге;
  • Семей ЖЭО – 420 миллиард теңге;
  • Өскемен ЖЭО – 490 миллиард.

Алайда жобалардың құны әлі бекітілген жоқ.