Хоккей • 17 Қаңтар, 2024

«Барыс» жеңілістен көз ашпады

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасындағы ке­зекті ойнын өткізген елордалық «Ба­рыс» Ресейдің «Лада» (Тольятти) ко­ман­дасынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

«Барыс» жеңілістен көз ашпады

Бұған дейін елордалық клуб қатарынан үш мәрте жеңілістің ащы дәмін татып, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алған еді. Салдарынан 49 ойыннан кейін 40 ұпаймен 19-орында тұрған-ды. Сол себепті «Барысқа» әрбір ойында жеңіске жетудің маңызы зор болатын. Кездесу барысында қос команда ойынды белсенді бастады.

10-минутта ресейлік хок­кейші Никита Попугаев соққан гол «Ла­да» командасын алға шығарды. Ал екінші кезеңде олардың қатарынан Андрей Ал­тыбар­макян 30, Трой Джозефс 38-минутта мергендік танытты. Осылайша, елордалық клуб қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді.