Спорт • 17 Қаңтар, 2024

«Барыс» жеңілістен көз ашпады

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кувейт астанасында өтіп жатқан стенд атудан Азия чемпионатында Мария Дмитриенко қола жүлдегер атанды.

«Барыс» жеңілістен көз ашпады

ФОТО: prosports.kz

Спортты дамыту дирекциясының бас­пасөз қызметі мәлім еткендей, ұлттық құрама спортшысы трап бағдарламасының финалында 30 ұпай жинап, үздік үштікке ілікті.

Париж Олимпиадасының жолдамасы жеңімпаз атанған Ван Ю Лю (Тайбэй) мен күміс жүлдегер Чжан Синьцюге (Қытай) бұйырды. Мария осыған дейін іріктеуде 117 нысананы дәл көздеп, 1-орынмен ақтық сынға жолдама алған еді.

Еске сала кетейік, Мария Дмитриенко өткен жылы Даниил Почиваловпен бірге Бакуде өткен әлем чемпионатында жұптық сында (микст) қола медаль жеңіп алған. Содан кейін Ханчжоудағы Азия ойындарында 2 қола жүлдеге (жекелей, командалық) қол жеткізді.